Қазақстанның оңтүстігіндегі жер сілкінісі: желіде видеолар тарап жатыр

Қазақстанның оңтүстігіндегі жер сілкінісі: желіде видеолар тарап жатыр
Фото: Видео кадры

Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінісі тіркелді. Әлеуметтік желіде төтенше жағдайға қатысты видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, жер асты дүмпуі 6 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 01:29-да Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген.

"Эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.3, магнитудасы - 5.9", - деп жазылған хабарламада.

@adambekuly

♬ оригинальный звук - R
@zhassman Шымкент жер сілкінді ма? #шымкент #землятресение ♬ оригинальный звук - Жасұлан Омаров

Айта кетейік, ең жоғары балл мына өңірлерде тіркелген: Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы - 4 балл; Жамбыл облысы Тараз қаласы - 4 балл; Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы - 4 балл; Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы - 4 балл; Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы - 4 балл.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget