Қазақстанның оңтүстігінде тағы бір жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының деректеріне сәйкес магнитудасы 5 болатын жер асты дүмпуі Астана уақытымен сағат 15:56-да Жамбыл облысындағы Меркі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде тіркелген.
Әлеуметтік желілерде Тараз қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезгені айтылып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.
Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова