Қазақстанның оңтүстігінде көлік тиеген екі автотасығыш соқтығысып, өрт шықты

Жетісу облысындағы тасжолда жеңіл көліктерді тиеген екі автотасығыш соқтығысып, өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Апат салдарынан жүк көліктері де, ондағы жеңіл көліктер де өртеніп кеткен.

"23 тамызда сағат 18:15 шамасында Батыс Еуропа–Батыс Қытай тасжолының батыс бағыттағы 278-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Сегіз жеңіл көлікті тиеген жүк көлігі алты көлікті алып бара жатқан басқа автотасығышқа соқтығысты", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Ескерту: видеода балағат сөздер бар!

"Бірінші көліктің жүргізушісі аман қалды, екінші жүргізушінің тағдыры әлі белгісіз", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіріп жатыр, оқиғаның себептері анықталады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!