- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның оңтүстігінде жер...
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді
Фото:
pixabay.com
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі өкілдері жер сілкінісін 11 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 15:20-да тіркеген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 856 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.6. MPV магнитудасы - 6,4", - делінген хабарламада.
Ауғанстандағы жер сілкінісін Шымкент пен Жамбыл тұрғындары сезінгені атап өтілді - 2 балл.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек