• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстанның оңтүстігінде жантүршігерлік апатта алты адам қаза тапты

Қазақстанның оңтүстігінде жантүршігерлік апатта алты адам қаза тапты
Фото: Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты. Полиция екі көліктің қатысуымен болған жол апаты бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3 ақпанда Түркістан облысының Кентау-Түркістан тасжолының 5-шақырымында Ауди маркалы екі бірдей көліктің қатысуымен жол апаты орын алып, соңынан өрт шықты.

"Алдын ала мәліметтер бойынша жеңіл көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, екіншісімен соқтығысқан. Апат салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі 

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады.

Түркістан облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова
Logotype Massaget