Қазақстанның оңтүстігі синтеникалық есірткінің "ордасына" айналып барады

Қазақстанның оңтүстігі синтеникалық есірткінің "ордасына" айналып барады
Фото: depositphotos.com

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев еліміздің оңтүстігінде синтетитикалық есірті көп өндірілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстандағы есірткі ахуалы 3 негізгі факторға байланысты: елімізде өсетін канабис шикізатының болуы, солтүстік бағыт бойынша ауған героинінің трафигі, синтетикалық препараттардың таратылуы.

"Оңтүстік өңірлер ірі көлік-логистикалық торабына орналасқан: Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары. Биыл аталған облыстарда синтетикалық есірткі өндіретін зертханаларадың негізгі бөлігі анықталды. Жыл басынан бері құқық қорғау және арнайы органдармен 33 есірткі зертханасы жойылды. 10 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді. Осылайша, тұтынуға дайын 1 тонна есірткі өндірісіне жол берілмеді. Бұл – шамамен 3 млн бір реттік доза", - деді Марат Қожаев Мәжілісте өткен отырыста.

Биыл 4 айда полиция 2 729 есірткі қылмысын тіркеген.

"Оның ішінде 1 117 қылмыс әшкереленді. 734 есірткі сату фактісі, 179 ірі көлемде есірткі сақтау дерегі анықталды. Есірткі бизнесі саласында ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және басшылық жасаған үшін 11 қылмыстық іс қозғалды. 2 мың тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 234 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Соңғы 5 жылда тұтынуға дайын синтетикалық есірткіні тәркілеу көлемі 10 келіден 1 тоннаға дейін күрт өсті ", - деді министрдің орынбасары.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Есен