Қазақстанның Марокко мен Кубадағы жаңа елшілері тағайындалды

Қазақстанның Марокко мен Кубадағы жаңа елшілері тағайындалды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қазақстанның Марокко мен Кубадағы жаңа елшілерін тағайындады. Тиісті жарлықтар Ақорданың ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ал Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстанның Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Президент жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстанның Кубадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанның Словения, Босния және Герцеговина, Черногория мен Тунистегі жаңа елшілерін тағайындаған еді. Сондай-ақ, сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ауысқан болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget