Қазақстанның ІІМ Одессада ауқымды операция жүргізді: Украинаның тоғыз азаматы ұсталды

Қазақстанның ІІМ Одессада ауқымды операция жүргізді: Украинаның тоғыз азаматы ұсталды
Фото: ІІМ

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Украина ұлттық полициясымен бірлесіп, ауқымды халықаралық арнайы операция өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Операция нәтижесінде Одесса қаласында Қазақстан азаматтарына қатысты заңсыз әрекет жасаған ұйымдасқан call орталықтың қызметі тоқтатылған. 

Алдын ала мәлімет бойынша қаскөйлердің құрбаны - 120-дан аса адам, келтірілген жалпы материалдық шығын 85 миллион теңгеден асады.

"Қаскөйлер әлеуметтік инженерияның заманауи тәсілдерін қолданған. Олар өздерін байланыс операторларының, банктердің, құқық қорғау органдарының және мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарды смартфонына зиян қосымша орнатуға көндірген. Құрылғыларға қашықтан қол жеткізгеннен кейін күдіктілер жәбірленушілердің қаражаты мен жеке дерегін жымқырған", - деді ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Халықаралық арнайы операция барысында екі қымбат көлік, 26 компьютер, 49 мобильді құрылғы, нұсқаулықтар мен сценарийлер, Қазақстан Республикасының рәміздері тәркіленген.

Операция қорытындысы бойынша Украинаның тоғыз азаматы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget