- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның ІІМ қырғыз...
Қазақстанның ІІМ қырғыз музыкантынан кешірім сұрамайтын болды
Астана соты қырғыз музыканты Викрам Рузахуновтың ІІМ-не қатысты қойған талабы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2022 жылғы 9 қаңтарда "Қазақстан" ТК-да Қырғыз Республикасының азаматы, музыкант Викрам Рузахуновтың Алматыдағы қаңтар оқиғасына қатысқаны туралы бейнесюжет көрсетілген.
2023 жылғы 20 наурызда Викрам Рузахунов Астананың Алматы аудандық сотына ІІМ-не бейнесюжетте таратылған мәліметтерді шындыққа жанаспайды деп тану, аталған мәліметтерді теріске шығару және сол телеарна арқылы көпшілік алдында ресми кешірім сұрауды талап еткен.
"Сотта видеосюжетті телеарнада жауапкер ІІМ-нің бастамасы бойынша көрсетілгені туралы Викрам Рузахуновтың дәлелі расталмады. Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы шешімімен Викрам Рузахуновтың талабын қанағаттандырудан бас тартты", - делінген хабарламада.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан