- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызыл кітап
Қазақстанның Қызыл кітабына енген ең ірі жыртқыш құс видеоға түсірілді
Шарын МҰТП инспекторлары Қазақстанның Қызыл кітабына енген сақалтайды кездестірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында инспекторлар рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген сақалтайды кездестірді.
"Ол Қазақстанның Қызыл кітабына 3-санат бойынша енгізілген. Бұл жыртқыш құстардың ең ірі түрлерінің бірі, салмағы 6 келіге дейін жетеді, ал қанаттарының құлашы 275 см болады", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сақалтай туралы не білеміз?
Қазақстанда сақалтайдың саны жылдан жылға азайып барады. Мамандардың айтуынша, бұл құстың санының азаюына браконьерлік, мекендеу ортасының бұзылуы және қоректік базаның жетіспеушілігі әсер еткен. Мұндай сирек құстың ұлттық парк аумағында кездесуі – қуанышты жаңалық. Негізінен тау бөктерлері мен биік жартастарды мекендейді. Табиғи "санитар" қызметін атқарады: негізгі қорегі – өлексе.
Шарын МҰТП қызметкерлері сирек кездесетін құстарды қорғау және олардың санын қалпына келтіру бағытында жұмыс жасап жатыр. Парк аумағында жыртқыш құстардың бұдан өзге бірнеше түрі мекендейді, олардың барлығы тұрақты бақылауда.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина