Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстанның Оңтүстік Корея Республикасындағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

"Корея Республикасы президенті Юн Сок Ельдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Қазақстан азаматтары төтенше жағдай кезінде жедел байланыс үшін мына нөмірлерге хабарласа алады: +8210-6572-9311.

Еске салайық, бұған дейін Сеулде қақтығыстар басталғанын хабарлаған едік.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан