Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар күтіледі. Тек елдің батысында ауа райы, негізінен жауын-шашынсыз болады.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасынмен жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік шығысында тұман болады.
Түнде батыста ауа температурасы 10-22 аяз, оңтүстік-батыста 3-15 аяз, солтүстік-батыс және солтүстікте 20-30 аяз, орталықта 13-22-ден 20-30 аязға дейін төмендейді, еліміздің шығысында 25-34 аяз, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15, таулы аудандарда 15-20 аяз күтіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!