"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 6 мамырда республиканың кей өңірлерінде үсік болып, шаңды дауыл және екпіні күшті жел соғатынын және найзағай ойнап, тұман болатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с, күндіз Жалаңашкөл ауданында 28 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел соғады, екпіні күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғады, күші түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында, шығысында екпіні - 23-28 м/с, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с.
Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23 м/с.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 2 градус үсік.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік.
Жамбыл облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-шығысында кей уақыттарда 30 м/с-қа дейін жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!