Қазақстанда күнкөріс табысы төмен халықтың үлесі артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2022 жылғы II тоқсанда 5,1 пайыз, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайызға өскен.
Бюро мәліметінше, табыс деңгейі төмен өңір Түркістан, ал салыстырмалы түрде жоғарысы - Ұлытау. Кедейлік қаупіне үй шаруашылығы көлемі қатты әсер етеді. 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3 пайыз, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.
Қазақстан бойынша 2022 жылғы II тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 100 теңге.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!