Қазақстанның қай республикалық жолдарында проекциялық жолақтар орнатылды? Видео

Республикалық тасжолдарда тұман, қар және жаңбыр жауғанда да айқын көрінетін проекциялық жолақтар пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazavtojol-ға сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру аясында Қарағанды және Ұлытау өңірлерінде төрт жаңа проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Мәселен,  олар "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" автожолының 912 шақырымы Қарабас кентінің ішінде, "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" автожолының 102 шақырымында Нұра кентінің ішінде және "Жезқазған-Есіл-Петропавл" автожолының 22 шақырымында Сәтбаев қаласының қасында орнатылды.

Проекция жылдың төрт мезгілінде, ауа райы қолайсыз болса да айқын көрінеді.

Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер түнгі уақытта да жолда ақ-сары жаяу жүргіншілер жолағын 150 метр жерден анық көре алады.

Естеріңізге салайық, дәл осындай проекциялық жолақтар бұған дейін Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының республикалық маңыздағы тасжолдарында орнатылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!