Биыл қаңтар-маусым айында Қазақстанда 461 отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 0,2 пайызға көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
3 жылдағы динамиканы алып қарасақ, мұндай құқық бұзушылықтардың 8,2 пайызға азайғаны байқалады.
Өңірлер бойынша отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Павлодар облысында тіркелді: 45 іс - бір жыл бұрынғыдан 2,2 пайызға аз.
Қостанай облысы екінші орында: 42 іс, бір жылда 5 пайызға көбейген. Одан кейін Алматы облысы тұр: 39 іс, бір жыл бұрынғы 56 іс болған, 30,4 пайызға азайған. Отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылық ең көп бес өңірге сонымен қатар Қарағанды облысы мен Астана да кірді: тиісінше 37 және 33 іс.
Мұндай құқық бұзушылықтардың ең азы - Маңғыстау (10 іс), Атырау және Ақтөбе облыстарында (әр облыста 11 істен) тіркелді.
Бірінші жартыжылдықта барлық отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылықтардың үштен бірінен астамы немесе 37,1 пайызы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге тиесілі: 171 іс - бір жыл бұрынғыдан 12,3 пайыз аз.
Сондай-ақ елеулі үлесті денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру иеленді: 157 іс, бір жылда 6,8 пайызға көбейген.
Кісі өлтіру (51 іс) және абайсызда денсаулыққа зиян келтіру (9 іс) отбасылық-тұрмыстық салада жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың қатарында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!