Қазақстанның қай өңірінде орташа жалақы мөлшері жоғары?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа жалақы туралы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылғы IV тоқсанда Қазақстандағы орташа айлық номинал жалақы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) 473 158 теңге болған. Тоқсан ішінде орташа жалақы 10,2 пайызға өскен.

Ең жоғары орташа жалақы Астанада: 659 610 теңге, сондай-ақ, Маңғыстау облысында: 658 762 теңге. Ал Ұлытау облысында 648 620 теңге. Алматыда орташа жалақы 601 126 теңге, Шымкентте 364 034 теңге.

Ең төменгі көрсеткіштер Жетісу (349 593 теңге), Жамбыл (335 794 теңге) және Түркістан (324 229 теңге) облыстарында тіркелді.

gov.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!