Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі нашар және жақсы жолдары бар өңірлерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алдын ала жасалған қорытындыға сүйенсек, жергілікті жолдардың жағдайы Маңғыстау (95 пайыз), Жамбыл (95 пайыз) және Алматы (91 пайыз) облыстарында жақсы. Ал сапасы көңіл көншітпейтіндей жолдар Батыс Қазақстан (39 пайыз), Ақтөбе (66 пайыз) және Атырау (70 пайыз) облыстарына тиесілі", - делінген хабарламада.
Биыл еліміздегі 4,6 мың шақырымдай жергілікті автожол жөндеудің барлық түрімен қамтылып, оның 2,6 мың шақырымында тиісті жұмыстар аяқталды. Осы мақсатқа 372 миллиард теңге бөлінген.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өңірлер ішіндегі жол инфрақұрылымын дамыту үшін 486 жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде 391 жоба бойынша күрделі және орташа жөндеу жұмыстары қолға алынса, жаңғырту мен тұтастай құрылысқа байланысты 95 жоба жүзеге асырылып келеді. Осы жылдың аяғына дейін автомобиль жолдарын жөндеуге байланысты 164 жобаны, сондай-ақ, жолды салып, жаңғырту бойынша 6 жобаны аяғына дейін жеткізу межеленіп отыр.
"Солтүстік Қазақстан облысындағы Лавровка - Чкалово автомобиль жолының 160-168 шақырымдай аралығын жаңғырту мен Қызылорда облысындағы Әйтеке би - Басықара аудандық маңыздағы көлік жолындағы көпірді жөндеуге байланысты жұмыстар аяқталуға жақын. Сондай-ақ, Шымкенттегі шығыс айналма жолында жүргізіліп жатқан құрылыстың 1-кезеңі тәмамдалып қалды", - деді ИИДМ өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!