Қазақстанның қай өңірінде жемқор көп? Зерттеу

Ranking.kz сарапшылары 2022 жылдың қаңтар-шілде аралығында әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын санап, сыбайлас жемқорлық қай өңірлерде жиі кездесетінін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші жартыжылдықта мұндай құқық бұзуға әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің 91 қызметкері жол берген. Бұл кейінгі жылдардағы рекорд көрсеткіш. Мәселен, 2021 жылдың дәл осы кезеңінде 87 жемқор шенеунік ұсталған.


Ranking.kz

Айта кетейік, дәл 2021-2022 жылдары сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған әкімдік қызметкерлерінің саны былтырғы көрсеткіштерден айтарлықтай артқан. Салыстыру үшін: 2020 жылдың осы кезеңінде - 11 құқықбұзушы, 2019 жылы - 23, 2018 жылы - 22.

Сыбайлас жемқорлық баптары аясында әкімдіктердің барлық қызметкерінің көпшілігі мына жағдайлар үшін жауапкершілікке тартылған:

  • сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру (ҚК 189-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) - 28 адам;
  • пара алу (ҚК-ның 366-бабы) - 26 адам;
  • пара беру (ҚК-ның 367-бабы) - 19 адам;
  • алаяқтық (ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) - 14 адам.

Өңірлер бөлінісінде Түркістан облысы бойынша әкімдіктер қызметкерлерінің басым бөлігі сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзғаны үшін ұсталған - 13 адам.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!