Қазақстандағы әйелдер саны - 10 381 377, бұл - еліміздегі жалпы халық санының 51,1%-ы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейінгі он жылда әйелдер саны 15,2%-ға өсті. Әйелдердің 64,4%-ы қалада, 35,6%-ы ауылдық жерлерде тұрады.
Кейінгі он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған: 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%-ға, Маңғыстау облысында 32,5%-ға өскен.
Айта кетейік, Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы - 34,1 жас. Сонымен қатар, бүгінде 4,4 млн әйел әртүрлі cалада жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз