Былтыр қаңтар-желтоқсанда елде 120,9 мың жұп шаңырақ көтерген. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 6 пайызға аз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Ауыл мен қалада үйленгендер саны бойынша да тіркелген неке саны азайған: ауылда 5,1 пайызға азайып, 40,9 мың жұп үйленсе, қалада 6,4 пайызға яғни 80 мың жұп тіркелген.
Ажырасу саны жа азайған: былтыр 12 айда 16,8 жұп ажырасып кеткен. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 5,3 пайызға аз.
Ал аймақ бойынша ең көп неке Алматыда тіркелген: 13,1 мың жұп бас қосқан. Бірақ бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4 пайызға аз.
Одан кейінгі орында Түркістан облысы және Астана қаласы.
Ажырасу бойынша да Алматы көш бастап тұр. Одан кейін Қарағанды облысында және Астанада ажырасқандар көп.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!