Қазақстанның қай өңірлерінде пара беру жиі кездеседі?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Қазақстанның қай өңірлерінде пара беру және пара алу жиі тіркелетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда 1346 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, оның 1015-і (75 пайызы) сыбайлас жемқорлыққа қатысты.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көбі Астана (155), Шымкент (89) және Алматы (66) қалаларында, сондай-ақ, Алматы облысында (68) және Абай облысында (54) тіркелген.

Қазақстан өңірлеріндегі сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша көш бастап тұрған өңірлер:

  • Астана - 155
  • Шымкент - 89
  • Алматы - 66
  • Алматы облысы - 68
  • Абай облысы - 54
  • Шығыс Қазақстан облысы - 53
  • Павлодар облысы - 51
  • Түркістан облысы - 49
  • Қарағанды облысы - 47
  • Жамбыл облысы - 45
  • Қызылорда және Қостанай облыстары - 44
  • Ақтөбе облысы - 41
  • Атырау облысы - 34
  • Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары - 30
  • Ақмола облысы - 24
  • Маңғыстау облысы - 22
  • Жетісу облысы - 49
  • Ұлытау облысы - 20

Қанша адам сотталды?

2024 жылы сыбайлас жемқорлық үшін 988 адам жауапкершілікке тартылған. Антикор мәліметіне сүйенсек, олардың ішінде:

  • ҚР ҚК 361-бабы (Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша 52 адам;
  • 366-бап (Пара алу) бойынша 260 адам;
  • 367-бап (Пара беру) бойынша 348 адам;
  • 368-бап (Парақорлыққа делдал болу) бойынша 30 адам бар.

2024 жылы жалпы 914 адам сотталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеген істер бойынша 660 адам сотталған. Оның ішінде:

  • 361-бап бойынша 31 адам;
  • Парақорлық бойынша 457 адам (366-бап - 187 адам, 367-бап - 238 адам, 368-бап - 32 адам);
  • Басқа сыбайлас жемқорлық баптары бойынша 172 адам сотталған.

Сотқа дейінгі аяқталған істер бойынша мемлекетке келтірілген залал - 486,1 миллиард теңге.

Шенеуніктер арасындағы сыбайлас жемқорлық

Ең көп жемқорлық қылмысын жасағандар мына органдарда:

  • Әкімдік қызметкерлері - 223;
  • Квазимемлекеттік сектор қызметкерлері - 106;
  • Ішкі істер органдары қызметкерлері - 102;
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29;
  • Қаржы министрлігі - 28;
  • Төтенше жағдайлар министрлігі - 14.

Сыбайлас жемқорлыққа ең бейім салалар:

  • Білім беру - 154 дерек;
  • Ауыл шаруашылығы - 63;
  • Денсаулық сақтау - 49;
  • Әлеуметтік қамсыздандыру - 48.

Кейінгі үш жылдағы динамика

2022 жылдан 2024 жылға дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 9 пайызға азайған, яғни 1118-ден 1015-ке дейін:

  • 2022 жыл - 1118;
  • 2023 жыл - 1099;
  • 2024 жыл - 1015.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!