Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Қазақстанның қай өңірлерінде пара беру және пара алу жиі тіркелетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда 1346 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, оның 1015-і (75 пайызы) сыбайлас жемқорлыққа қатысты.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көбі Астана (155), Шымкент (89) және Алматы (66) қалаларында, сондай-ақ, Алматы облысында (68) және Абай облысында (54) тіркелген.
Қазақстан өңірлеріндегі сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша көш бастап тұрған өңірлер:
- Астана - 155
- Шымкент - 89
- Алматы - 66
- Алматы облысы - 68
- Абай облысы - 54
- Шығыс Қазақстан облысы - 53
- Павлодар облысы - 51
- Түркістан облысы - 49
- Қарағанды облысы - 47
- Жамбыл облысы - 45
- Қызылорда және Қостанай облыстары - 44
- Ақтөбе облысы - 41
- Атырау облысы - 34
- Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары - 30
- Ақмола облысы - 24
- Маңғыстау облысы - 22
- Жетісу облысы - 49
- Ұлытау облысы - 20
Қанша адам сотталды?
2024 жылы сыбайлас жемқорлық үшін 988 адам жауапкершілікке тартылған. Антикор мәліметіне сүйенсек, олардың ішінде:
- ҚР ҚК 361-бабы (Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша 52 адам;
- 366-бап (Пара алу) бойынша 260 адам;
- 367-бап (Пара беру) бойынша 348 адам;
- 368-бап (Парақорлыққа делдал болу) бойынша 30 адам бар.
2024 жылы жалпы 914 адам сотталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеген істер бойынша 660 адам сотталған. Оның ішінде:
- 361-бап бойынша 31 адам;
- Парақорлық бойынша 457 адам (366-бап - 187 адам, 367-бап - 238 адам, 368-бап - 32 адам);
- Басқа сыбайлас жемқорлық баптары бойынша 172 адам сотталған.
Сотқа дейінгі аяқталған істер бойынша мемлекетке келтірілген залал - 486,1 миллиард теңге.
Шенеуніктер арасындағы сыбайлас жемқорлық
Ең көп жемқорлық қылмысын жасағандар мына органдарда:
- Әкімдік қызметкерлері - 223;
- Квазимемлекеттік сектор қызметкерлері - 106;
- Ішкі істер органдары қызметкерлері - 102;
- Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29;
- Қаржы министрлігі - 28;
- Төтенше жағдайлар министрлігі - 14.
Сыбайлас жемқорлыққа ең бейім салалар:
- Білім беру - 154 дерек;
- Ауыл шаруашылығы - 63;
- Денсаулық сақтау - 49;
- Әлеуметтік қамсыздандыру - 48.
Кейінгі үш жылдағы динамика
2022 жылдан 2024 жылға дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 9 пайызға азайған, яғни 1118-ден 1015-ке дейін:
- 2022 жыл - 1118;
- 2023 жыл - 1099;
- 2024 жыл - 1015.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова