- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның қай қалаларында...
Қазақстанның қай қалаларында пәтер қымбаттағаны белгілі болды
Қазақстанда бір жылда, яғни 2021 жылдың қарашасы мен 2022 жылдың қарашасы аралығында қайталама нарықтағы үйлер бағасы 17 пайызға өскен: шаршы метрі 317 мыңнан 372 мың теңгеге дейін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайт жүргізген мониторингке сәйкес, ең көбі:
Ақтөбеде +30.4 пайыз, шаршы метрі 290 мың теңгеге дейін;
Семейде +25.3 пайыз, 359 мың теңгеге дейін;
Павлодарда +22.6 пайыз, 370 мың теңгеге дейін.
Республикалық маңызы бар қалаларда Алматы көш бастап тұр: бір жылда +20.4 пайыз. Яғни ең қымбат үйлер Алматыда: шаршы метрі 694 теңгеден бастап.
Одан кейінгі орында Шымкент: +19.7 пайыз, шаршы метрі 429 мың теңгеге дейін. Астанадағы пәтерлер бағасы 16,4 пайызға өскен. Елордада үйдің шаршы метрін 484 мың теңгеден аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина