Ардагер желаяқ Әмин Тұяқов "Күлтөбе" youtube-арнасына берген сұхбатында марафоншы Марат Жыланбаевқа қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанның жылнамасында Жыланбаев деген марафоншы болмаған.
"Сендер Жыланбаевтың кім екенін білмейсіңдер. Мысалы мен сенбеймін. Ешқашан Қазақстанның жылнамасында Жыланбаев деген марафоншы болған жоқ. Ол қалай шыққанын білмейміз. Бізге келіп, "стипендия беріңіз" дейді. "Сені білмесем, стипендияны қалай беремін" дедім. "Қазақстанда қай жерде жүгірдің, шетелде қай жерде жүгірдің, хаттамаң бар ма" деп сұрадым. Сөйлесіп қарасам, қазақша ештеңе білмейді, қазақшылығы жоқ адам. Сондықтан бұл жасалып жүрген пиар. Жыланбаев деген үлкен спортшы бар екенін мен білмеймін. Бізде шығып келе жатқан жас жігіттер болса, барлығының тізімі бар. Шетелде болатын жарыстарға тек федерация арқылы шығамыз. Олар рұқсат береді. Жыланбаевтың қайдан, қалай шыққанын білмеймін", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!