Қазақстанның жеті облысында республикалық маңызы бар 25 жол жабылды

Қазақстанның жеті облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 25 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәл қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 522 бірлік техника және 823 жолшы жұмылдырылды.

25 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді:

  • Ақмола облысында – 14 учаске;
  • Жетісу облысында – 1 учаске;
  • Қарағанды облысында – 3 учаске;
  • Қостанай облысында – 3 учаске;
  • Павлодар облысында – 2 учаске;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске;
  • Ұлытау облысында – 1 учаске

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!