- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның жеті облысында...
Қазақстанның жеті облысында республикалық маңызы бар 25 жол жабылды
Фото:
Tengrinews.kz
Қазақстанның жеті облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 25 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәл қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 522 бірлік техника және 823 жолшы жұмылдырылды.
25 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді:
- Ақмола облысында – 14 учаске;
- Жетісу облысында – 1 учаске;
- Қарағанды облысында – 3 учаске;
- Қостанай облысында – 3 учаске;
- Павлодар облысында – 2 учаске;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске;
- Ұлытау облысында – 1 учаске
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан