Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: TengriNews

Қазақстанның он облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.

17 қазанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман, күндіз облысының солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

17 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек