Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның жағажайларында бейнебақылау камераларын орнатуға қатысты мәселені пысықтауды тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрлер кабинеті басшысының мәліметінше, қазіргі уақытта еліміз бойынша 708 шомылуға арналған орын бар. Бұл ретте су айдындарында қаза тапқандар саны артып келеді, оның ішінде балалар да бар.
"Биыл Қазгидромет жаздың ыстық болатынын болжап отыр. Әсіресе, елдің батысында, шығысында және оңтүстігінде. Тиісінше, өзендер мен көлдерде демалушылар санының артуы күтіледі. Бұған дайын болу керек. Жағажайларда бақылау камералары мен тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату мәселесін пысықтау қажет", - деп тапсырды Олжас Бектенов.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы Алматы мен Павлодарда пилоттық режимде сыналған жүзу және батып бара жатқандарды ерте анықтау шекараларын анықтауға мүмкіндік беретін қашықтан мониторинг жүйесін мысалға келтірді.
"Ақтөбе облысында суға батып бара жатқан адамға ондағы түйме арқылы көмек туралы сигнал беруге мүмкіндік беретін интерактивті буйка жобасы әзірленді. Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктері бұл тәжірибені зерделеп, оны пайдалануы қажет", - деп түйіндеді премьер-министр.
Тағы да оқи отырыңыздар: Марқұмның нәзір-құзырын беру деген не?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!