Қазақстанның Израиль, Иран және Ливандағы дипломаттары күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Қазақстанның Израиль, Иран және Ливандағы дипломаттары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты еліміздің Израиль, Иран және Ливандағы консулдығы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Соңғы бірнеше айда Таяу Шығыстағы жағдай айтарлықтай шиеленісті. Осыған байланысты Израиль, Иран және Ливандағы қазақстандық дипломаттар күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс істеп жатыр. Аталған елдердегі Қазақстан азаматтарымен байланыс құрылды, олармен тұрақты байланыс бар. Елдегі жағдайға байланысты қажетті ұсыныстар беріледі. Қазақстанның елшіліктері әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елден кету керектігін бірнеше рет жариялады», – деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте. 

Соңғы деректер бойынша, Израильде консулдық есепте – 120, Иранда – 102, Ливанда – 132 Қазақстан азаматы, оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері бар. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Таяу Шығыстағы қақтығыстардың күшеюіне байланысты СІМ мәлімдеме жасады.

Қазақстан азаматтары Иран, Ливан және Израильде АЭС референдумына қатыспайды.

Әлемдегі геосаяси қақтығыстардың ушығуына байланысты Қазақстан сенімді және перспективалы нарықтарға шикізат жеткізу бағыттарын әртараптандыруға мәжбүр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Бақдаулет