Қазақстанның халық әртісі өмірден өтті

Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның қазасына ортақтасып көңіл айтты.

Қазақ ССР-нің халық әртісі, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның Халық әртісі Торғын Тасыбекова Алматы облысында дүниеге келген.

1961 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факультетін бітірген. Сол жылы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

"Қайраткер тұлға асыл өнерді қастерлеудің озық үлгісін көрсетіп, өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті театрына аянбай қызмет етті. Актрисаның әсем дауысы, сұлу бейнесі мен шынайы сомдаған кейіпкерлері мәңгі халық жадында қалары сөзсіз. Ардақты жанның ғибратты ғұмыр жолы ешқашан ұмытылмайды. ​Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!", - делінген министрлік хабарламасында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!