- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- сатуға тыйым салынған
Қазақстанның хабарландыру сайттарында не сатуға болмайды?
Елімізде бұрышта шаң басып, тұрып қалған, қолданбайтын дүниеге екінші өмір сыйлауға көмектесетін біршама хабарландыру сайттары бар. Алайда қазақстандықтар онда кез келген затты жариялап, сата алмайды.
Massaget.kz тілшісі сайттарда сатуға тыйым салынған тауарлардың тізімін ұсынады.
ҚР заңнамасымен шектелген:
- Қару-жарақ (атыс, суық, пневматикалық, сигналдық, антикварлық, коллекциялық, Airsoft, Пейнтбол, арбалеттер, садақтар және т.б.), компоненттер мен керек-жарақтар, сондай-ақ қару-жарақ макеттері;
- Жауынгерлік көлік құралдары;
- Кедендік тәркілеу;
- Контрабандалық тауарлар және ұрланған мүлік;
- Іздеуде жүрген, құжаты жоқ көлік құралдары;
- Заңнамада белгіленген нормаларға сай емес тауарлар;
- Сұраныстың жоғарылауына немесе қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты ғана орналастырылатын тауарлар. Мысалы, елде коронавирустің кезінде бетперде тапшы болды, осындай сәтте оны сатуға тырысу, заңға қайшы;
- Жеке броньды қорғаныс: броньды кеудешелер, қорғаныс шлемдері, қатты қорғаныс элементтері (броньды тақталар бөлек), оқ өткізбейтін қалқандар, броньды қақпақтар және т.б.
- Саяси партияларды, қоғамдық ұйымдар мен қорлар;
- Нацистік символизм бейнеленген заттар.
Сұлулық пен денсаулық саласында ұсынуға тыйым салынады:
- Дәрілік препараттар (сондай-ақ осындай препараттарды жеткізу қызметтері), ветеринарлық препараттар, кейбір биологиялық белсенді қоспалар, стероидтер, анаболиктер, виагра;
- Адам ағзалары;
- Емшек сүті.
Темекі, алкоголь, есірткі:
- Алкогольдік сусындар;
- Темекі өнімдері;
- Самогон жасайтын аппараттар;
- Құрамында этил спирті бар өнімдер;
- Есірткі, психотроптық заттар, улы заттар және олардың алмастырғыштары, сондай-ақ өсімдіктер (олардың тұқымдарын қоса) және оларды дайындау үшін қолданылатын ингредиенттер;
- Галлюциногенді өсімдіктер, саңырауқұлақтар және олардан алынған өнімдер.
Флора және фауна:
- Қазақстанның Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген, сондай-ақ жабайы табиғатта ұсталған жануарлар, өсімдіктер мен жәндіктер;
- Браконьерлік құрал-жабдықтар (электр қарыншалары, желілер, тұзақтар және т.б.);
Қаржылық қызметтер, материалдық және валюталық құндылықтар
- Шетел валютасы және өзге де валюталық құндылықтар;
- Жалған банкноттар;
- Үшінші тұлғаларға тиесілі акциялар және өзге де бағалы қағаздар.
Зияткерлік құқықтар
- Пайдаланушы сатуға құқығы жоқ заттар;
- Қарақшылық бағдарламалық жасақтамасы бар құрылғылар;
- Қолданба клондары, фильмдердің, музыканың, ойындардың заңсыз көшірмелері бар оптикалық медиа;
- Рұқсатсыз жіберуге ықпал ететін спам базалары, тауарлар;
- Мемлекеттік, банктік немесе коммерциялық құпияны қамтитын материалдар;
- Мессенджер тіркелгілері (ICQ, Skype және т.б.), электрондық пошта мекенжайлары, әлеуметтік медиа тіркелгілері (бизнесті сату айдарынан басқа), WOT, WOW онлайн ойындары.
Адамның құқықтары, бостандығы
- Азаматтар мен заңды тұлғалардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне қол сұғатын жеке өмір құпиясын бұзатын материалдар;
- Адамға немесе адамдар тобына жала жабу ретінде пайдаланылуы мүмкін материалдар;
- Құқықтық тәртіп пен адамгершілік негіздеріне сәйкес келмейтін кез келген заттар;
- Дербес деректерді (сауалнамалық) қамтитын мәліметтер базасы.
Арнайы техникалық құралдар мен қызметтер
- Байланыс арналарынан ақпарат алуға арналған арнайы техникалық құралдар, ақпаратты жасырын алудың басқа құралдары;
- Құқық қорғау органдарының қызметіне байланысты заттар;
- Антирадар, жақтаулар-перделер, антипрослушки, анти-зучки және ұқсас техникалық құрылғылар;
- Белсенді және пассивті қорғаныс құралдары, Мәселен, электрошокерлер, газ баллондары, газ тапаншалары, резеңке оқтары бар қару-жарық, шу әсерлері, сигнализаторлар, резеңке таяқшалар, кісендер), құқық қорғау органдары қолданатын арнайы белсенді қорғаныс құралдарына жататын көзден жас ағызатын және тітіркендіргіш әсер ететін препараттары бар арнайы құралдар;
- Жарылғыш, пиротехникалық заттар мен материалдар, отшашулар.
Білім
- Дайын дипломдық, курстық жұмыстар, диссертация, дәріс конспектілері.
- Шпаргалкалар;
Марапаттар, құжаттар, бланкілер
- Қазақстанның, шет мемлекеттердің, бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік, ведомстволық, спорттық наградалары, оның ішінде грамоталар, медальдар, айырым белгілері және т. б;
- Қолданыстағы (оның ішінде қолданылу мерзімі өткен) немесе күші бар мемлекеттік жеке куәліктер және әлемнің кез келген елдерінің құжаттары (паспорттар, id-карталар, құқықтар, студенттік билеттер, сынақ кітапшалары, дипломдар, жол жүру билеттері, футболға атаулы билеттер, рұқсаттар, сертификаттар, лицензиялар, рәсімделген көлік құжаттары (белсендірілген) SIM-карталар және сол сияқтылар) сондай-ақ осы құжаттардың бланкілері;
- Ресми бланкілер, қатаң есептілік нысандары.
Жақында Қазақстанның хабарландыру сайттарында ұсынуға болмайтын қызметтер тізімі жарияланады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә