Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауына пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз екіжақты қарым-қатынасымыздың жақсы болғанын қалаймыз. Қазақстан интеграция бойынша да серіктесіміз. Екіжақты қарым-қатынасымызға негізделген диалог, одақтастық және серіктестіктің маңызын бағаламау қиын. Бұл әріптестік барлық салада дами береді деп үміттенеміз. Әрине, біз Қазақстанның гүлденген, тұғыры берік, тұрақты мемлекет болғанын қалаймыз", - деді Песков.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!