Қазгидромет еліміздегі ең қатты ластанған қалалардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамандар өткен аптада еліміздің ірі қалаларындағы атмосфералық ауаның сапасын өлшеген. Зерттеу барысында келесі көрсеткіштер тіркелген:
Ластанған ауамен тыныстайтындар көшін Астана тұрғындары бастап тұр. Мұнда зиян заттардың шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 1300-ден аса жағдайы тіркелген.
Екінші орында Қарағанды қаласы. Қарағандыда ауаның ластану деңгейі елордадан үш есеге аз.
Үшінші орында - Алматы.
Ең таза ауа Шымкент пен Ақтөбеде тіркелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!