Қазақстанның екі өңіріндегі тасжолдарда көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанның екі өңіріндегі тасжолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның екі өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты екі автожолда көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" АҚ хабарлауынша, шектеулер көліктің барлық түріне қатысты:

  • 4 ақпан сағат 15:00 мен 5 ақпан сағат 06:00 аралығында Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай - Боғас автожолының 383-528-шақырым (Қайнар ауылынан Баршатас ауылына дейін) аралығындағы учаскеде;
  • сағат 15:30 бен 23:00 аралығында Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы автожолының 557-615-шақырым аралығындағы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін) және 615-683-шақырым аралығындағы учаскеде (Жетісу облысының шекарасынан Таскескен ауылының бұрылысына дейін) көлік қозғалысы шектеледі.

Еске салайық, бұған дейін биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскені іске қосу жоспарланып отырғанын жазған едік. 

Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардан түсетін табыстың айтарлықтай өскені туралы баяндады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан