"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның екі өңіріндегі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысы:
2024 жылғы 19 желтоқсанда сағат 23:30-да республикалық маңызы бар Алматы - Ташкент - Термез автожолының 593-663 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан - Қарабұлақ ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі.
Жамбыл облысы:
Сағат 23:30-да республикалық маңызы бар Алматы - Ташкент - Термез автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынады.
Жолды 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Компания 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер ертең, 20 желтоқсанда елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасағанын хабарлаған едік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!