Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді
Фото: depositphotos.com

8 қарашада Қазақстанның екі облысындағы автожолдарда ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түріне шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

Акмола облысы

14:00-ден бастап Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы автожолының 16-шақырымнан 200-шақырымға дейінгі (Астана - Павлодар облысының шекарасы) бөлігінде қозғалыс шектелді.

Павлодар облысы

Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының 200-шақырымнан 25-шақырымға дейінгі (Акмола облысының шекарасы - Шідерті кенті) учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сондай-ақ, ауа райының нашарлауына байланысты 16:00-ден бастап республикалық маңызы бар Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы автожолының 255-шақырымнан 416-шақырымға дейінгі (Шідерті кенті - Атамекен кенті) бөлігінде барлық көлік түріне шектеу енгізіледі.

Барлық жол 9 қарашада 08:00-де ашылады.

Қосымша ақпаратты 1403 нөмірі арқылы колл-орталықтан білуге болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget