• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

2025 жылғы 2 ақпан сағат 15:30-да ауа райының бұзылуына байланысты елдің екі өңірінде республикалық автожолдарда көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:     

Абай облысы:     

  • Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ автожолының 971-1013-шақырым аралығы (Қалбатау ауылы - Шығыс Қазақстан облысы шекарасы); 

 Шығыс Қазақстан облысы:  

  •  Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ автожолының 1013-104-шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы - Ұлан ауылы);    

Жолдарды 2025 жылғы 3 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.   

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget