Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар үш жол жабылды

Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар үш жол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 799 бірлік техника және 1307 жолшы жұмылдырылды.

26 қаңтар сағат 17:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жетісу облысында – 1 учаске:

  • "Үшарал-Достық" 84-184-шақырым, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі аралық – 100 шақырым.

Қарағанды облысында – 2 учаске:

  • "Екатеринбург-Алматы" 1446-1459-шақырым, Теміртау қ.-Қарағанды қ. – 13 шақырым.
  • "Екатеринбург-Алматы" 1426-1446-шақырым, Теміртау ААП-Теміртау қ.– 20 шақырым.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!