- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның екі облысында...
Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото:
Tengrinews.kz
Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облысында - 1 учаске:
- "Алматы-Өскемен" автожолында 615-683-шақырым, Жетісу обл.шек. - Таскескен а. дейін.
Жетісу облысында - 2 учаске:
- "Үшарал-Достық" 84-184-шақырым, Көктұма ст - Достық ст. дейін – 100-шақырым;
- "Алматы-Өскемен" автожолында 557-615-шақырым, Үшарал қ. - Абай обл. шек. дейін – 58-шақырым.
Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады. Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 391 бірлік техника және 686 қызметкер жұмылдырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан