- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанның екі облысында...
Қазақстанның екі облысында көктайғақ пен қар көшкіні қаупіне байланысты жолдар жабылды
Фото:
pixabay.com
12 наурыз сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар екі автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысында жалпы ұзындығы 377 шақырым болатын бір автожол (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ):
- "Самара-Шымкент" - Ақтөбе қ.-Ырғыз к. (жүк және қоғамдық көлік үшін).
Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 160 шақырым болатын бір автожол (қар көшкіні қаупіне байланысты):
- "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары" - Ушановское а.-Алтай қ. (автокөліктің барлық түрі үшін).
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп–ұстауға 276 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан