Абай және Жетісу облыстарында қатты боран салдарынан жол учаскелері жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2025 жылғы 30 қаңтар сағат 13:30-да ауа райының бұзылуына байланысты Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы автожолының 778-967-шақырым аралығындағы учаскеде (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Бұған дейін бұл жол екі өңірдегі басқа учаскелерде жабылған еді:
- Абай облысында, 615-768-шақырым (Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейін);
- Жетісу облысында 557-615-шақырым (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).
Абай облысындағы 0-75-шақырым (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін) Таскескен - Бақты тасжолы әлі де жабық.
Жол қозғалысы шамамен 30 қаңтар күні сағат 18:00-де қалпына келеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лес