Ауа райы қолайсыздығына байланысты Қазақстанның екі облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді, − деп деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" кәсіпорныны.
Қатты жел мен боранға байланысты 12 ақпанда сағат 08.00-ден бастап Үшарал − Достық тас жолында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Сонымен қатар Ақмола облысында Екатеринбург − Алматы тас жолындағы қозғалысқа 11 ақпанда қойылған шектеу жалғасады. Шектеудің автокөліктің барлық түріне қатысы бар.
Дереккөз: tengrinews