Қазақстанның екі облысында жол қозғалысы шектелді

Қазақстанның екі облысында жол қозғалысы шектелді
Фото: massagetkz

Қазақстанның екі облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды, − деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Бүгін, 11 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты (аяз, нашар көру) Алматы облысындағы "Үшарал-Достық" автожолында, Көктұмнан Достық бекетіне дейін автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды", − делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр, ауа температурасы минус 3 градустан төмен, жел, көктайғақ) "Қызылорда-Павлодар" тас жолында, Жезқазғаннан Атас ауылына дейін жүк және қоғамдық көліктің қозғалысына қойылған шектеу сақталады.

С. Ерсін