Қазақстанның екі облысында жол жабылды

Қазақстанның екі облысында жол жабылды
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жолдарда қозғалысты шектеуге боран мен жолдың дұрыс көрінбеуі себеп болған.

Ақмола облысында - 1 учаске:

  • "Щучинск-Зеренді" 0-77 км, Щучинск қ. - Зеренді а. аралығына - 77 шақырым.

Жетісу облысында - 1 учаске:

  • "Үшарал-Достық" 84-184-шақырым, Көктұма ст.-Достық ст. дейін – 100-шақырым.;

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар күре жолдарда 302 бірлік техника және 441 адам жұмылдырылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget