"Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы құрылтайшыларының бірі, екінші шақырылымдағы мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасынов қайтыс болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тоқтасынов – 9 қазанда 62 жасқа толар еді. Ол соңғы уақытта сырқаттанып жүрген.
Қазақстандық кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Facebook-тегі парақшасында Төлен Тоқтасынов жарты жыл бойы ауыр дертпен арпалысып, оны жеңе алмағанын хабарлады.
"Кеше түнде жан досым Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасын, ауыр дертпен жарты жыл арпалысып жеңе алмай, ақыры мәңгілік мекеніне аттанып кетті. Бақұл бол, Төке, сені жақсы танитын жақындарыңның, халқыңның жадында арын жоғары ұстаған, жасампаз азамат ретінде есінде мәңгілік қаласың! Сүйегін туған қаласы Семейге апарып, анасының қасына қоямыз деп шештік", – деп жазды ол.
Еске салайық, 2022 жылдың желтоқсанынан бері Тоқтасынов шамамен 12 ай бойы ҚДТ-ның саяси кеңесіне жетекшілік етті. Кейін Қазақстанның компартиясының (2015 жылы Алматы сотының шешімімен жабылды) екінші хатшысы болды. 2005 жылдың аяғында кезектен тыс президент сайлауы кезінде Жармахан Тұяқбайдың сайлауалды штабының жетекшісі болды. Кейін эмиграцияда болды, ұзақ уақыт Моңғолияда тұрды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!