Қазақстанның бірінші ракеткасы Бейжіңдегі турнирдің алғашқы айналымында-ақ ұтылды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан турнирде жекелей сындағы алғашқы кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Александр Бублик 1/16 финалдық кезеңде италиялық теннисші Флавио Коболлимен (әлемнің 32-ракеткасы) кездесіп, үш сетте 6:4, 1:6, 6:7 жалпы есебімен жеңілді. Ойын екі сағат алты минутқа созылды.

Ойын кезінде қазақстандық теннисші сегіз эйс жасап, төрт рет қос қате жіберді. Бублик тоғыз ұпай мен үш геймді қатарынан жеңді.

Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық спортшы қазір ATP әлемдік рейтингінде 26-орында тұр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!