Қазақстанның 7 өңірінде ЖРВИ салдарынан 132 мектепте 1469 сынып қашықтан оқуға ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада өткен баспасөз мәслихатында Бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова мән-жайды айтты. Оның сөзінше, мына өңірлердегі сыныптар қашықтан оқуға ауыстырылды:
- Астана - 24 мектеп, 182 сынып;
- Абай облысы - 21 мектеп, 276 сынып;
- Шығыс Қазақстан облысы - 57 мектеп, 204 сынып;
- Жамбыл облысы - 14 мектеп, 598 сынып;
- Қостанай облысы - 12 мектеп, 168 сынып;
- Ақмола облысы - 3 мектеп, 21 сынып;
- Қарағанды облысы - 1 мектеп, 20 сынып.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова