Қазақстанның бірнеше өңірінде нөсер жаңбыр жауып, үсік болады

Қазақстанның бірнеше өңірінде нөсер жаңбыр жауып, үсік болады
Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері ертең, 1 сәуірде еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облысында түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі. 

Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр, батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының түнде оңтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматыда түнде 1-3 градус үсік күтіледі, ал Алматы облысы Қонаев қаласында түнде 3-5 градус үсік болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан