Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін
Фото: pixabay.com

Қазгидромет көктемгі егіс алдында топырақтағы ылғал қорының болжамын шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жалпы, қалыптасқан жағдайлар елдің солтүстігіндегі астық егетін өңірлер үшін қолайлы болады, алайда Қазақстанның батысында, орталық және шығыс бөліктерінде сәуір айында жауын-шашын тапшылығы болуы мүмкін, бұл дамудың бастапқы кезеңінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуі мен дамуына теріс әсер етуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Есептеулер көктемгі егіс жұмыстарының алдында Қазақстан аумағындағы егістіктер ылғалмен қамтамасыз етіледі деп күтіледі:

  • оңтайлы деңгейден қанағаттанарлық деңгейге дейін - Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында;
  • қанағаттанарлық - Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында;
  • оңтайлы - Жетісу және Түркістан облыстарында.

"Көктемгі егіс жұмыстары кезіндегі ылғал қоры туралы мәліметтер егіс алқаптарының құрылымын, дақылдарды себудің оңтайлы нормаларын, тұқымдарды отырғызу тереңдігін таңдауға және тыңайтқыштарды енгізуге маңызды роль атқарады, бұл жалпы өнімнің сапасы, шығымға және өндірілген өнімнің құнына әсер етеді", - делінген хабарламада.

Көктемгі егіс жұмыстарының басталуына қарай топырақтағы ылғал қорының нақты болжамы шамамен 25 сәуірде әзірленеді.

Барлық агрометеорологиялық болжам ҚР АШМ-де үнемі ұсынылады, сондай-ақ, www.agrodata.kz қосымшасында және "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек